Салық жүйесін қалай жақсартуға болады?

11 Қазан 2022, 13:41
1194
Бөлісу:
Салық жүйесін қалай жақсартуға болады?

Бұл туралы «Атамекен» ҰКП сараптамалық талқылау отырысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сарапшылар жиында бүгінгі күні салық саясатындағы ең өзекті мәселе қандай деген тақырыпты талқыға салды. 

Мемлекет басшысы да өз сөзінде салықтық басқаруды қайта қарау қажеттігін айтқаны белгілі. Жалпы салық саясатына келер болсам, елдегі бұл саладағы саясат теңгерімді. Бізге қайта қаржыландырылған мөлшерлеме қажет. Экономиканың қай секторларын көтеру керектігін түсінгеніміз маңызды. Қарапайым мысал, медицина саласы пандемия кезеңінде жақсы бастамаларды қолға алып, жеңілдіктер әлі сақталып келеді, - деп атап өтті «Қазақстан салық консультанттарының қауымдастығы» өзін-өзі басқарушы ұйым» ЖК және ЗТБ басқарма төрағасы Сәкен Қарин. 

Айтуынша, Ұлттық экономика министрі экономиканың қай салалары қолдауға мұқтаж екендігі туралы нақты статистика мен талдауды ұсынғаны жөн. 

Бұл қай саланы қолдап, көтеруіміз қажеттігін түсіну үшін керек. Бірнеше ай бұрын сұрағанымызда ондай статистика жасалып жатқанын айтқан болатын.  Сонымен қатар салық жүйесін жақсартуға қатысты бір ұсынысым бар. Ол үшін тәуекелдерді басқару жүйесін толықтай жасап аяқтау керек, - деді Сәкен Қарин. 

Өзгелердің жаңалығы