Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Салық жүйесі мұқтажға демеу болуы керек – Аймағамбетов

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
9 Сәуір 2025, 13:33
722
Бөлісу:
 BAQ.KZ  Мәжіліс Баспасөз қызметі
Фото: BAQ.KZ Мәжіліс Баспасөз қызметі

Бұл туралы жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Казиноларға салық салу және жеңілдіктерді азайту мәселелері өте маңызды. Бұл жерде әрине сұрақ жоқ. Бірақ бүгін ұсынылып отырған корпоративті 25% салығы менің ойымша, өте аз. Себебі әр ұтылған ставка бір отбасының үмітін құртуы мүмкін. Бұл бизнес емес, бұл үмітті жұтатын индустрия. Сондықтан лоторея, казинолар, букмекер кеңселері бойынша да салықты әлдеқайда көбейтуіміз керек, - дейді Аймағамбетов.

Аймағамбетов депутаттар ұсынып отырған жеңілдік емес, әділдік екенін айтты.

Салық жүйесі мұқтажға демеу болуы керек. Энергетикалық сусын сүттен немесе судан арзан болмауы керек. Немесе кітап смартфоннан қымбат болмауы керек. Кальянхана театрдан тиімді болмауы керек. Осы ұсыныстарды Үкіметпен бірге екінші оқылымға дейін талқылаймыз деп ойлаймын, - деді депутат.

Өзгелердің жаңалығы