Салық төлеуден жалтарғандар енді 37 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

22 Мамыр 2024, 10:04
447
Бөлісу:
Салық төлеуден жалтарғандар енді 37 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін
Фото: Скрин

Елімізде экономикалық контрабанда және салық төлеуден жалтару ішінара қылмыссыздандырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық құқықбұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды.

Түзетулер аясында ішінара қылмыссыздандыру Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кедендік құқық бұзушылықтарға да қатысты болады. Сонымен қатар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті ажырату үшін 1-бапта ұсынылған ӘҚБтК-нің 233, 545, 549 және 550-баптарында «егер бұл іс-әрекеттер ірі залал келтірмесе» деген сөздер «егер бұл әрекеттерде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса» деген сөздермен ауыстырылады, - деді депутат.

Ішінара қылмыссыздандыруға екі бап жатады:

1. Қылмыстық кодекстің 234-бабы – экономикалық контрабанда.
Жауапкершіліктің басталу шегі 10 000 АЕК-тен (36 920 000 теңге) 20 000 АЕК-ке (73 840 000 теңге) дейін ұлғайтылады.

2. Қылмыстық кодекстің 236-бабы – кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару.
Қылмыстық жауапкершіліктің шекті мөлшері – 5 мыңнан (18 46 000 теңге) 10 мың АЕК-ке (36 920 000 теңге) дейін ұлғайтылады.

Өзгелердің жаңалығы