Салық төлеуден жалтарған ірі компаниялар анықталды

Бүгiн, 10:38
360
Бөлісу:
Салық төлеуден жалтарған ірі компаниялар анықталды
Фото: Арман Мухатов

Қазақстанда салықтан жалтару бойынша ірі схемалар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) салық төлеуден жалтару үшін түрлі схемаларды қолданатын компанияларды анықтау және олардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Комитеттің мәліметінше, бұған дейін жүргізілген талдау нәтижесінде 633 салық төлеушіге ескерту жасалған, олардың ішінде 172 құрылыс саласында, 102 сауда секторында және басқа да салаларда жұмыс істейді.

Тексеру кезінде келесі факторлар ескерілді. Өте төмен салықтық жүктеме, Жұмысшылар мен активтердің болмауы, 150 миллион теңгеден асатын айналымы бар арнайы салық режимін қолданатын жеткізушілерден қызметтер мен жұмыстар сатып алу. Өз қызметкерлерінен қызметтер мен жұмыстар сатып алу және басқа да күмәнді белгілер.

Осылайша, ЖШС “А” 2022-2023 жылдары ішінде 22 жеке кәсіпкермен (ЖК) құрылыс-монтаж жұмыстарына 1,6 миллиард теңге көлемінде келісімшарт жасаған. Бірақ бұл ЖК-лердің 11-інде (688 миллион теңгеге) жалғыз ғана жалдамалы жұмысшы болған немесе мүлде жұмысшысы болмаған. Шын мәнінде, бұл қызметтерге көп жұмыс күшін тарту қажет еді.

Сонымен қатар 23 жеткізуші 485 миллион теңгеге шот-фактураларды бір компьютерден (ЖШС “А”-мен бір құрылғыдан) жіберген. 15 жеткізуші 167 миллион теңгеге арнайы техника мен ғимараттарды жалға берді деп көрсеткен, бірақ олардың ешқандай меншігі немесе жалға алынған мүлкі болмаған.

МКК барлық кәсіпкерлерді салық заңнамасын қатаң сақтауға және салықтарды толық әрі уақытында төлеуге шақырды.

Жалған шот-фактураларды рәсімдеу – салық заңнамасын бұзу ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет, – деп ескертті ведомство.

Өзгелердің жаңалығы