Салық саясаты Үкіметке де, бизнеске де түсінікті болғаны керек – Тоқаев

21 Қаңтар 2022, 15:31
2191
Бөлісу:
Салық саясаты Үкіметке де, бизнеске де түсінікті болғаны керек – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елге жаңа салық саясаты керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бізге жаңа салық саясаты қажет. Ол саясат астыртын қитұрқы әрекеттерге жол бермейтін, бизнеске де, Үкіметке де ашық, түсінікті болуы керек. Үкіметке біршама күрделі міндет жүктеліп отыр. Ол міндеттердің бәрін кәсіпкерлер қауымымен талқылау қажет. Салықты адал төлеу тиімді әрі оңай болатындай етіп істеу керек. Бизнеске, әсіресе ірі бизнеске жұмысы көмескі, күдікті серіктестерге төзбеушілік қағидатын ұстану керек, - деді Мемлекет басшысы Қазақстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде. 

Сондай-ақ ол кеден ісін де жаңа парақтан бастауды ұсынды. 

Мемлекеттің мойнынан көлеңкелі экономиканың үлесін қысқарту міндетін ешкім алған жоқ. Бұл бюджет кірісінің орасан көзі. Сонымен бірге парасатты салық төлеушілерді қолдап, оларды адал емес бәсекеден арашалау маңызды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы