Салық реформасы: Қаржы вице-министрі ШҚО кәсіпкерлерімен кездесті

Кеше, 20:22
177
Бөлісу:
Салық реформасы: Қаржы вице-министрі ШҚО кәсіпкерлерімен кездесті
Фото: primeministr.kz

Шығыс Қазақстан облысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов кәсіпкерлермен кездесіп, салық реформасындағы өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үкімет қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін әр салаға сай сараланған түрде өсіруді ұсынып отыр. Жалпы мөлшерлеме – 16%, аралық мөлшерлеме – 10%, ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 0% мөлшерінде босату қарастырылған.

Вице-министрдің айтуынша, ҚҚС бойынша есепке қою шегін 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету, сондай-ақ арнайы салықтық режимдерді реформалау қажет. Ал арнайы салықтық режим мен бөлшек салықты трансформациялау жоспарланып отыр.

Салық реформасы: Қаржы вице-министрі ШҚО кәсіпкерлерімен кездесті

Қазір жеңілдетілген декларация жүйесі жылдық кірісі 180 млн теңгеге дейінгі, жұмысшылар саны 30 адамға дейінгі кәсіпкерлер үшін 2% мөлшерлемені қарастырады. Бұған қоса, формалды түрде бөлшек салық жүйесі болған, ол жылдық айналымы 2,4 млрд теңгеге дейінгі бизнесті қамтыған, қызметкерлер санына шектеу қойылмаған және маслихаттардың шешімімен 4% мөлшерлемесін екі есе төмендету мүмкіндігі болған. Енді осы екі режимді біртұтас жеңілдетілген декларация форматына біріктіру көзделіп отыр, бұл ретте кірістің жоғарғы шегі сақталады – ол шамамен 2,4 млрд теңгені құрайды.

Салық реформасы: Қаржы вице-министрі ШҚО кәсіпкерлерімен кездесті

Салықтық түсімдерді арттыру мәселесі алдағы реформаның негізгі тақырыптарының бірі болып отыр. Үкімет бюджетке тұрақты кіріс көзін қамтамасыз етуді, Ұлттық қорға тәуелділікті төмендетуді және бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды көздейді. Алайда бұл мақсаттарға жету үшін салық саясатының инвестициялық өзгерістерге, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігіне және экономикалық өсімге ықпалын ескеру қажет.

Салық реформасын жетілдіру барлық мүдделі тараптардың пікірлерін ескере отырып жүргізіледі. Салық жүйесін жаңғырту – бизнестің дамуына кері әсер етпейтіндей әрі экономиканың бәсекеге қабілеттілігін сақтайтындай етіп жүргізу маңызды.

 

Өзгелердің жаңалығы