Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа Салық кодексі аясында орта және шағын кәсіпкерлерге қандай жеңілдік жасалғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлер жылына миллион теңге табыс табатын болса, кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті еді. Жаңа салық заңы аясында ол шекті 15 миллионға дейін көтеріп жатырмыз. Яғни 15 миллионға дейін табыс таппасаңыз, кәсіпкер ретінде тіркелмеуіңізге болады. Бұл - кәсібін енді бастаған кәсіпкерлерге жеңілдік ретінде қарастырылып отыр, - деді Біржанов ОКҚ-да өткен брифингте.
Вице-министр Салық кодексі енгізілген соң кәсіпкерлерге жоспарлы тексерулер азаятынын айтты.
Келесі жылдан бастап жаңа Салық кодексін енгізе отырып, бізде жоспарлы тексерулер жойылады. Тексерулер, төлем жасамау қаупі бар ерекше жағдайларда ғана жүргізіледі, - деді спикер.