Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Салонында егеуқұйрық жүрген ұшақ рейсі үш сағатқа кешікті

23 Қыркүйек 2025, 11:36
690
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Үндістанда IndiGo Airlines әуе компаниясының Канпур-Дели бағытындағы рейс салонында егеуқұйрық пайда болғаннан кейін ұшақ үш сағатқа кешігіп ұшты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі independent-ке сілтеме жасап.

Канпурдан Делиге бағыт алған әуе рейсінің жолаушылары салонында егеуқұйрық жүгіріп жүргенін байқап қалған. Оқиға салдарынан борттағы 140 адам түгелдей эвакуацияланды.

Әуежай қызметкерлері ұшақты бір жарым сағаттан астам уақыт тексерген. Олар қауіпсіздігін анықтағаннан кейін ғана ұшуға рұқсат берді. Рейс бастапқыда 14:55-те ұшуы тиіс болған. Бірақ, егеуқұйрық табылған соң әуе кемесі тек сағат 18:00 шамасында әуеге көтеріліп, Делиге 19:00-ден кейін қонды.

Канпур әуежайының баспасөз хатшысы Вивек жолаушылардың эвакуацияланғанын растады.

Мұндай жағдайлар салондағы сымдар мен техникалық тетіктердің зақымдалуына әкелуі мүмкін болғандықтан аса қауіпті саналады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы