"Саламатты Қазақстан" пойызы Жетісу облысына барды

"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Қазақстан бойынша сапарын жалғастырып жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ "Самұрық-Қазына" компаниясына сілтеме жасап.

21 Мамыр 2023 2023, 23:39
АВТОР
 "Самұрық-Қазына" компаниясы 21 Мамыр 2023 2023, 23:39
21 Мамыр 2023 2023, 23:39
1376
Фото: "Самұрық-Қазына" компаниясы

"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Қазақстан бойынша сапарын жалғастырып жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ "Самұрық-Қазына" компаниясына сілтеме жасап.

Осы аптада медициналық пойыз Жетісу облысына барды. Тұрғындарға медициналық көмек көрсетіліп, кеңестер берілді. Калпе станциясында тұрғындар дәрігерлерді халық музыкасымен қарсы алды. Келесі аптада медициналық пойыз Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына барады.

Медициналық пойыз келесі аптада сіз немесе туыстарыңыз тұратын аймаққа жетіп қалуы мүмкін. Нақты кестеге назар салыңыз!, - деп хабарлады ведомство.

Кейбір дәрігерге қолы жетпей жүрген тұрғындар үшін медициналық пойыздың пайдасы мол, дейді компания мамандары.

Наверх