Сәл кешіккенде суға батар еді: Құтқарушының әрекеті жұртты сүйсінтті

1 Сәуір 2024, 22:00
4393
Бөлісу:
Сәл кешіккенде суға батар еді: Құтқарушының әрекеті жұртты сүйсінтті
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушының жұртты сүйсінткен әрекетін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу кезінде Фархат бір қыңсылаған дауысты естіп, үйшіктің ішінде шынжырға байланған күшікті көрді. Ол тез арада суға тола бастаған үйшікті сындырып, оны шынжырдан босатты, - делінген ведомство хабарламасында.

Оқиға Ақмола облысы Жібек Жолы кентінде болған. Құтқарушылар итті тамақтандырып, құрғақ жерге жеткізді.

Фархат 12 адамды эвакуациялап, 2 итті құтқарып үлгерді. Батырлар біздің арамызда!

Өзгелердің жаңалығы