Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының боксшысы кіші сержант Сәкен Бибосынов Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалына шықты.
51 келі салмақтағы армия спортшысы америкалық Роско Хиллмен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, армия спортшысы Қазақстан құрамасы сапында бокстан әлем чемпионатының екінші «алтынын» иеленді.
Әлем чемпионы бұл жеңісін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады.
Кіші сержант Сәкен Бибосынов - Токио-2020 Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін чемпионатта ел қоржынына алғашқы «алтынды» армияның спортшысы Теміртас Жүсіпов әкелген болатын. Әлемдік біріншілікті ОСК-ның сарбазы қатардағы жауынгер Махмұд Сабырхан күміс жүлдемен аяқтады.