Сахарада қар жауды: Әлемдегі ең ыстық шөл әп-сәтте аппақ қарға оранды

Қар жамылған бархандар Алжирдегі Айн-Сефра қаласының маңында байқалған.

 dailymail.co.uk Бүгiн 2026, 17:43
Бүгiн 2026, 17:43
363
Фото: dailymail.co.uk

Сахара шөлінде сирек кездесетін табиғи құбылыс тіркелді – бұл аймақта қар жауды. Қар басқан құмды төбелерді туристер мен жергілікті тұрғындар бейнежазбаға түсіріп алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірқатар ресейлік басылымдардың мәліметінше, қар жамылған бархандар Алжирдегі Айн-Сефра қаласының маңында байқалған. Бұл қала теңіз деңгейінен шамамен 1000 метр биіктікте орналасқан және Атлас тауларымен қоршалған. Осы ерекшелігіне байланысты Айн-Сефраны «шөлге апарар қақпа» деп те атайды. Таулардың жақын орналасуы түнде ауа температурасының нөл градусқа дейін, кейде тіпті одан да төмен түсуіне әсер етеді. Мұндай жағдай қар жаууына мүмкіндік береді.

Фото: dailymail.co.uk

Нәтижесінде қар түнде суыған құмның үстіне түсіп, таңертең жергілікті тұрғындар шөлдің ерекше көрінісіне куә болады. Соңғы жылдары мұндай құбылыс жиілей түсті. Есептеулерге сәйкес, соңғы 40 жыл ішінде Сахарада қар жетінші рет жауып отыр. Егер 2016 жылға дейін Айн-Сефрада қар тек 1979 жылы ғана байқалса, соңғы онжылдықта бұл жағдай жиірек қайталануда, – деп жазады «Российская газета».

Фото: dailymail.co.uk

Жергілікті тұрғындар мен туристерді таңғалдырғанымен, қар ұзақ жатпайды. Қар қабаты тез еріп кетеді. Себебі наурыз айында шөлдегі күндізгі температура әдетте 25-30 градусқа дейін көтеріледі. Сондықтан қар басқан құмды төбелерді аз ғана сәтті фотографтар ғана түсіріп үлгереді.

Сарапшылар бұл ерекше құбылысты жаһандық жылынумен, нақтырақ айтқанда климаттық тұрақсыздықпен байланыстырады. Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінен келген суық ауа массалары Сахара аумағына еніп, соның салдарынан шөлде жауын-шашын, соның ішінде қар жаууы мүмкін.

Наверх