Сағынтаев жөнделіп жатқан әкімдік ғимаратын халықты қабылдауға ыңғайлы етіп жасауды тапсырды

24 Қаңтар 2022, 09:52
1997
Бөлісу:
Сағынтаев жөнделіп жатқан әкімдік ғимаратын халықты қабылдауға ыңғайлы етіп жасауды тапсырды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі  Бақытжан Сағынтаев қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында айтты.

Отырыс барысында әкімнің орынбасарлары мен басқарма басшылары  қаланы қалпына келтіру бойынша атқарып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

КазНИИСА мамандарының айтуынша, әкімдік ғимаратының сыртқы қабаты өрттен қатты зақымдалған. Сол себепті ғимараттың қасбетіндегі мәрмәр тастарын бұзуға мәжбүр болдық. Біздің мақсатымыз ғимаратты тарихи келбетіне қайтару. Тас және басқа материалдарды жобаны бұрын сызған авторлармен және қаладағы сәулетшілермен бірге таңдап, қалпына келтіріеміз - деді әкімнің орынбасары Мұхит Әзірбаев.

Осы ретте Бақытжан Сағынтаев қала әкімдігінің бірінші қабатын халықты қабылдауға ыңғайлы етіп жасауды тапсырды.

Әкімдік ғимаратының бірінші қабаты халықпен ашық кездесуге ыңғайлы емес. Ғимарат ескі тәртіппен жасалған. Мүмкін осы жағдайды пайдалана отырып, Әлеуметтік үйді жасағандай тұрғындармен кездесуге ыңғайлы етіп жасаған дұрыс шығар. Осы жағын сәулетшілермен ақылдасып көріңдер. Бұл жұртшылықпен кездесуге, оларға қызмет көрсетуге ыңғайлы болар еді, - деді қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы