Сағынтаев селден қорғайтын бөгеттер құрылысының барысын тексерді

12 Мамыр 2021, 17:18
1302
Бөлісу:
Сағынтаев селден қорғайтын бөгеттер құрылысының барысын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Аюсай өзенінің сағасынан төмен Ақсай мен Үлкен Алматы өзендері бассейндеріндегі селден қорғайтын бөгеттердің құрылысымен танысты. 

Үлкен Алматы мен Ақсай өзендерінің жоғарғы ағысында 114 мұздық пен 35 мореналық көл бар. Су арнасынан тасыса 5 мыңнан астам нысан мен 40 мыңнан астам адам қауіпті аймақта қалуы мүмкін.

Бұл бөгеттер мегаполистің Наурызбай, Әуезов пен Алатау аудандарының тұрғындары мен нысандарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2023 жыл.

Бақытжан Сағынтаев сумен жабдықтау мен су бұру инженерлік желілерінің құрылысы, сондай-ақ Таужолы ықшамауданындағы жолдың қалай қалпына келтіріліп жатқанын тексерді.

Тұрғындар желі тартылған Досмұхамедов магистралды көшесінің жағдайына алаң. Жолды қалпына келтіруді бастау үшін мұнда қалған 40 үйдің иелері желіге қосылуды тездетуі тиіс. Қазірдің өзінде мердігер дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп жазды қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы