Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Akimat live» тікелей эфир барысында айтты.
Мониторинг тобының атқарып жасап жатқан жұмысы кәмсіпкерлерге ұнап жатқан жоқ. Бірақ кәсіпкерлердің барлығы бірдей емес. Карантин кезінде той жасап, түнгі клубтар мен бильярд жұмыс істеп жатыр. Олардың жұмысын тоқтату. Оларға сот арқылы айыппұл салынып жатыр. Алайда олар уақыт өткен соң қайта жұмысқа кірісіп жатқанын көріп отырмыз. Мұндай жағдайлар бар. 19 наурыз бен 28 наурыз аралығында мониторинг топтар 345 бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 222-сі мейрамхана мен кафелер болып отыр, - деді ол.
Сағынтаев оларға қандай жаза қолданылатынын айтты.
Айыппұл салу, жұмысын тоқтату және басқа да тетіктер пайдаланылып жатыр. Су мен электр желісінен айыру сынды шаралар да бар. Кейбір азаматтар мониторинг топтар бұзушылық жасап жатқаны туралы айтты. Егер ондай жағдай кездессе, бірден әкімшілікке ашық айту керек. Пара беріп құтиылғаннан гөрі, пара сұрап жатыр деп айту керек. Біз заңбұзушылық жасаса, қарайтын боламыз, - деді ол.
Сағынтаев кәсіпкерлердің өзі заңбұзушылыққа жол бермеуге шақырды.