Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Сағынтаев халықаралық сайлауды байқаушылар миссиясымен кездесті

30 Желтоқсан 2020, 10:53
1732
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Кездесу барысында 10 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісіне сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі шектеулі миссияның басшысы ДИАҚБ/ЕҚЫҰ елшісі Я. М. Доманьскимен сайлаудың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, әлеуметтік және саяси контексін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Қазақстандағы Парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі шектеулі миссияның (СБШМ) ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) 2020 жылдың 8 желтоқсанында ашылған еді. Миссия елге биліктің ресми шақыруынан соң келді.

Миссияны елші Ярослав Марчин Доманьски басқарады. Оның негізгі құрамында Нұр-Сұлтанда тұратын 11 сарапшы бар. Бұлардан өзге, елімізге 24 ұзақ мерзімді бақылаушылар келді, олар 15 желтоқсаннан бастап еліміздің әр өңірінде жүр.

Миссия ЕҚЫҰ міндеттемелеріне, сондай-ақ демократиялық сайлау мен басқа да халықаралық міндеттемелер мен стандарттарға және ұлттық заңнамаларға сәйкес сайлаудың барысын бақылайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы