Сағынтаев АҚШ-тың Бас консулымен кездесті

27 Қаңтар 2022, 14:47
1430
Бөлісу:
Сағынтаев АҚШ-тың Бас консулымен кездесті

Алматы, BAQ.KZ. Екіжақты кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Америкалық тараптың бастамасымен өткен кездесуде АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Саваж қаланың инвестициялық тартымды болып қалатынын атап өтті.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өз кезегінде сауда-экономикалық салада екіжақты қатынастарды дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

Алматыда 130 бірлескен және 401 американдық кәсіпорын тіркелген. Жалпы, 2021 жылдың 11 айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 25%-ға артты.
Өзгелердің жаңалығы