Сағынтаев Алматының «қызыл» аймақтан шығуына не көмектескенін айтты

2 Маусым 2021, 21:19
8191
Бөлісу:
Сағынтаев Алматының «қызыл» аймақтан шығуына не көмектескенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде мегаполистегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға әсер еткен шаралар жөнінде айтты.

Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал күрделі күйінде қалуда. Дегенмен жағдай біршама тұрақтанып, КВИ ауруының 3,5 есеге төмендегені байқалады, мамыр айының басында 689 жағдайдан 31 мамырда 195 жағдайға дейін азайған.

ҚР эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасында 2021 жылғы 2 маусымдағы жағдай бойынша Алматы қаласы «сары» аймақта тұр.

Тәуліктік өсім 6 есеге төмендеді, 1,2%-дан 0,2%-ға дейін. Соңғы 7 күнде ауру деңгейінің тұрақты төмендеуі байқалады, 100,1-ден 92,0-ге дейін, репродуктивті саны 0,7 деңгейінде тұрақтанды (инфекция жұқтыру деңгейі 1 адамға жуық).

Осы айда симптомды науқастардың үлес салмағы 87,6% құрайды, өткен жылы 50% болған. Бұл КВИ-19-дың мутациялық штаммдарының тез жұғатынын көрсетеді.

Биыл 9 наурыздан бастап жұқтырудың төмендеуі нысандар мен қоғамда жүргізілген шектеу шараларының тиімділігіне, монитринг топтарының қарқынды жұмысына тікелей байланысты. Бүгінде қалада иммундық қабаттың 20%-дан асуы (жалпы халық санының 15,4%-ының екпе алуы +5%-ы сырқаттануы). Сонымен қатар нысандарға ASHYQ жүйесін енгізу және белсенді КВИ ошақтары бар үйлерде жүйелі түрде дезинфекциялау жұмыстары оң әсерін тигізді, - деп атап өтті әкім.

Сағынтаевтың сөзінше, соңғы 2 аптаның мәліметтері бойынша КВИ жұқтырғандардың науқастардың жас құрамын талдау ауру деңгейінің 40-59 жас аралығындағы азаматтар арасында өткен аптада басталған 1,3%-ға төмендегенін, сонымен қатар ауруханаға түскен 60 жастан асқан адамдардың 1% болғанын көрсетті. 14 жасқа дейінгі балалар арасында жұқтырудың 1,2%-ға өсуі байқалады.

Жұмыспен қамту тұрғысынан елеулі өзгерістер тіркелген жоқ: 6479  КВИ науқастарының ішінен инфекция жұқтырғандар - 34,7% (2246 адам), әртүрлі ЖШС қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, АҚ - 21,0% (1349) адам), зейнеткерлер - 20,8% (1346 адам), мектеп оқушылары - 7,9% (510 жағдай) және мектеп жасына дейінгі балалар арасында – 5,0% (КВИ-нің 327 жағдайы). Халықтың осы санаттарының жалпы үлесі 89,4% құрады.

Инфекция жұқтыратын орындарды өткен апталармен салыстырғандада отбасылық байланыстағы инфекция деңгейі 6,5%-ға өсті. Туыстарымен, көршілермен, достармен және жұмыс орнындағы байланыстың жұқтыру деңгейі өзгерген жоқ.

Ықтимал инфекция ошақтары тұрғысынан алғанда, азық-түлік базарларындағы инфекциялардың 1,5%-ға, аула ішіндегі азық-түлік дүкендерінде – 2,2% -ға, сауда және ойын-сауық орталықтарында, ТД 1,1%-ға өсуі алаңдатады.

Қоғамдық тамақтану орындарында асханалардың кәуап пісіретіндердің есебінен 1%-ға төмендеді. Отбасылық шаралардың шектелуі барысында 1,5%-ға азайды. Сауда объектілерінде, банктерде, пошта бөлімшелерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, моншаларда инфекция деңгейі төмендеуі өзгерген жоқ. ASHYQ жобасына қатысушылардың нысанында инфекция жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ, - дейді әкім.

Өзгелердің жаңалығы