Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында жаңа медициналық орталықтың құрылысында болды, сондай-ақ велосипед мектебі мен Ақбұлақ ықшамауданындағы жаяу жүргіншілер аймағының жобаларымен танысты.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында Алатау ауданына қарасты Нұркент ықшамауданындағы болашақ медициналық орталықтың құрылыс алаңында болғанын жазды.
Елбасының тапсырмасымен құрылысы басталған орталық жұқпалы ауруларға қарсы күресте медицина ғылымы мен тәжірибесін біріктіруге бағытталған. Жоспар бойынша 380 төсек-орынға арналған орталық, соның ішінде 30 реанимациясы бар,18 айда бой көтереді.
Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев «Алматы Арена» СК базасында жаңа веломектептің жобасымен танысты.
Велоспорт федерациясының президенті Н. Смағұловтың қолдауымен 12-16 жас аралығындағы ОРМБЖСМ тәрбиеленушілері велоспортпен кәсіби түрде шұғылдануға мүмкіндік алды. Өз кезегінде бізге спорт кешендерінің әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Сондықтан спортпен, соның ішінде қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін инфрақұрылымды кеңейтуге мән бермекпіз. Тұрғындардың сауалдарына жауап бере отырып, Ақбұлақ ықшам ауданы Аханов көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағын салу жобасын әзірледік. Жаңа променадты дәліз қоғамдық кеңістікті көркейтіп, ауданның көрікті мекеніне айналады, - деп атап өтті Сағынтаев.