Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанда парламент сайлауы 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында өтпейді.
Бұл туралы 24.kg Мемлекет басшысының міндетін атқарушы премьер-министр Садыр Жапаровтың Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлады.
Оның айтуынша, Жоғарғы Кеңес депутаттарын сайлау 2020 жылдың 20 желтоқсанына жоспарланған деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Алдымен, келесі жылдың 10 қаңтарында Президент сайлауы өтеді. Содан кейін, реформалардан кейін Жоғарғы Кеңес депутаттарын сайлау тағайындалады, — делінген хабарламада.
Бұған дейін ОСК Парламентті қайта сайлау осы жылдың 20 желтоқсанында өтетінін хабарлаған болатын. Алайда Бішкектің әкімшілік соты бұл шешімнің күшін жойды. Дегенмен 48 саяси партия сайлауға қатысуға ниеттерін білдірді.
Бұған дейін Президенттің м.а. Премьер-министр Садыр Жапаров Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау 2021 жылдың наурызына дейін өтетінін мәлімдеген болатын.