Садриддин Ахмедов қарсыласын 90 секундта жеңді

30 Маусым 2019, 09:17
1739
Бөлісу:
Садриддин Ахмедов қарсыласын 90 секундта жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (8-0, 7 КО) өзінің кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегін өткізді.

Ол Тетфор Миндегі (Канада) бокс кеші аясында жұдырықтасты, деп жазады Sports.kz.

21 жастағы қазақстандық нокаутшы шаршы алаңда мексикалық Даниэль Вега Котамен (14-3-1, 11 КО) кездесіп, 90 секундта техникалық нокаутпен жеңді. Оған дейін қарсыласын екі рет нокдаунға аттандырған болатын. Осылайша Садриддин кәсіпқой бокстың шаршы алаңында өзінің тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы