Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпқой рингте тек жеңіспен көзге түсіп жүрген қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) өзінің кезекті жекпе-жегін биыл өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz RDS.ca-ға сілтеме жасап.
Eye of Tiger Management компаниясындағы Садриддиннің промоутері Камил Эстефанның айтуынша, 18 немесе 19 желтоқсанда Канадада бокстан гала-кеш өткізу жоспарланған, оның аясында 22 жастағы қазақстандық орта салмақта құрлықтық титул үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін. Дегенмен Садриддин Ахмедовтың қарсыласының есімі әлі анықталған жоқ.
«Сарбаз Q» мұның алдындағы жекпе-жегін өткен жылдың 7 желтоқсанында Монреальда (Канада) өткізген. Ол жетінші раундта аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты нокаутқа жіберді (12-6-2, 7 КО).
Қазіргі уақытта Садриддин Ахмедов WBC тұжырымының екі белбеуіне ие - жастар арасындағы әлем чемпионы және ересектер арасындағы Азия чемпионы.