Садриддин Ахмедов титулдық жекпе-жек өткізеді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) кезекті жекпе-жегін қаңтарда өткізеді, деп хабарлайды&nbsp;Prosports.kz&nbsp;сайты.</h4>

 2 Қаңтар 2021 2021, 13:26
2 Қаңтар 2021 2021, 13:26
1483

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) кезекті жекпе-жегін қаңтарда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Сарбаз Q» 30 қаңтарда Мексиканың Куэрнаваке қаласында өтетін бокс кешінде нидерланд спортшысы Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО) жұдырықтасады. Екі боксшы бірінші орта салмақтағы WBA Continental титулын сарапқа салады. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 7 желтоқсанында Монреальда (Канада) өткізген. Ол жетінші раундта аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты нокаутқа жіберді.

Қазіргі уақытта Садриддин Ахмедов WBC тұжырымының екі белбеуіне ие - жастар арасындағы әлем чемпионы және ересектер арасындағы Азия чемпионы.

Наверх