Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Садриддин Ахмедов америкалық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді

14 Желтоқсан 2024, 17:36
712
Бөлісу:
 Sports.kz
Фото: Sports.kz

Санта-Инезде (АҚШ) өткен Hollywood Fight Nights бокс кешінде отандасымыз америкалық боксшы Рафаэль Игбоквемен (17-6, 7 КО) қолғап түйістірді. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланды. Алайда Садриддин 7-раундта қарсыласын нокаутпен жеңді.

Осылайша, Ахмедов кәсіпқой мансабындағы он бесінші жеңісін тойлады. Ал Игбокве алтыншы рет жеңілді.

Бір қызығы, аталған турнирді Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер ұйымдастырса, қазақстандық боксшыны жекпе-жекке Генадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес дайындады.

Ұзақ үзілістен кейін боксқа қайта оралған Садриддин Америкада екінші жекпе-жегін өткізіп отыр. Бұған дейін қазақ боксшысы Канадада жаттығып, сол елде өнер көрсетіп жүрді.

Өзгелердің жаңалығы