Садақ атудан Қазақстан құрамасы әлем кубогі кезеңіне дайындыққа кірісті

29 Сәуір 2022, 02:26
1412
Бөлісу:
Садақ атудан Қазақстан құрамасы әлем кубогі кезеңіне дайындыққа кірісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Садақ атудан Қазақстан құрамасы әлем кубогінің екінші кезеңіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұлттық құрама спортшылары 26 сәуір күні Алматы облысында орналасқан «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиындарына кірісті. Мергендер мамырдың 13-іне дейін шеберліктерін шыңдайды. 

Әлем кубогі кезеңінің екінші кезеңі 16-22 мамыр күндері Кванджоуда (Оңтүстік Корея) өтеді.

Өзгелердің жаңалығы