Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Садақ атудан ӘЧ: Отандық спортшылар екінші мәрте жүлдегер атанды

7 Қыркүйек 2025, 14:53
691
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы садақ атудан Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҰОК мәлімдеді.

Әйелдер құрамасы командалық сында блоктық садақ атудан үшінші орын иеленді.

Қола үшін өткен матчта қазақстандықтар Ұлыбритания құрамасын 232:229 есебімен жеңді. Ел намысын Виктория Лян, Адель Жексенбинова және Роксана Юнусова қорғады.

Айта кетейік, Қазақстан тарихта екінші рет әлем чемпионатында медаль жеңіп алды. Бұған дейін, 1993 жылы классикалық садақ атудан Яна Туниянц үшінші орынға ие болған еді.

Сонымен қатар біздің құрама жабық кешендегі әлем чемпионатында да жақсы нәтиже көрсетіп, әйелдер арасындағы командалық бәсекеде күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

Өзгелердің жаңалығы