Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салады

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ерлер құрамасы садақ атудың классикалық түрі бойынша, ал әйелдер құрамасы блоктық садақ бойынша бақ сынайды, деп хабарлайды Olympic.kz.</h4>

16 Қараша 2021 2021, 18:46
АВТОР
 16 Қараша 2021 2021, 18:46
16 Қараша 2021 2021, 18:46
1079

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ерлер құрамасы садақ атудың классикалық түрі бойынша, ал әйелдер құрамасы блоктық садақ бойынша бақ сынайды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Кіші финалда қазақстандық ерлер Бангладешпен кездессе, әйелдер құрамасы Үндістанға қарсы шығады.

Қазақстан ерлер сапында Санжар Мұсаев, Дәулет Сұлтанбай және Ильфат Абдуллин жарыс жолына шықса, әйелдер сапында Роксана Юнусова, Виктория Лян және Диана Макарчук ел намысын қорғайды. 

Айта кетерлігі, Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін кездесу ертең, 17 қараша күні өтеді.

Наверх