Садақ атудан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысады

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Садақ атудан Қазақстан құрамасынан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар есімі белгілі болды, деп хабарлады Olympic.kz.</h4>

 3 Қыркүйек 2021 2021, 13:55
3 Қыркүйек 2021 2021, 13:55
1456

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Садақ атудан Қазақстан құрамасынан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар есімі белгілі болды, деп хабарлады Olympic.kz.

Қыркүйек айының 19-25 күндері АҚШ-та садақ атудан әлем біріншілігі өтеді. Солтүстік Дакотада өтетін әлем чемпионатына Қазақстан сапынан үш спортшы қатысады.

Атап айтқанда, Ильфат Абдуллин, Сұлтан Дүзелбаев және Санжар Мұсаев ел намысын қорғайтын болады.

Наверх