Садақ атудан Азия чемпионаты: Қазақстандықтар жұптық сында төртінші орын алды

18 Қараша 2021, 14:55
884
Бөлісу:
Садақ атудан Азия чемпионаты: Қазақстандықтар жұптық сында төртінші орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бангладештің Дакка қаласында садақ атудан Азия чемпионаты жалғасуда деп хабарлайды Olympic.kz. 

Блоктық садақ атудан аралас жұптық сында қазақстандықтар Роксана Юнусова мен Сергей Христич төртінші орын алды. 

Олар қола медаль үшін өткен кездесуде Иран құрамасына жол берді. Кездесу 154:154 есебімен тең аяқталды. Алайда, қарсыластың оғы нысананың ортасына жақын тигендіктен, жеңіс Иран спортшыларына берілді. 

Еске сала кетейік, блоктық садақ атудан командалық сында Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы