Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық садақ ату федерациясы 2020 жылғы алаңдағы әлем чемпионатын кейінге қалдыру туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарыс биыл қыркүйек айында әлемдегі ең үлкен садақ ату базасы орналасқан АҚШ-тың Янктоне аймағында өтуі тиіс еді. Бұл жақта осыған дейін жастар арасындағы жабық алаңда садақ атудан дүниежүзілік біріншілік өткен.Мұндай шешім COVID-19 індетіне байланысты спортшылардың денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында қабылданған. Халықаралық федерация мәлім еткендей, енді 2020 жылға жоспарланған ашық алаңдағы әлем чемпионаты 2022 жылы өтеді.