Сәбит Нұрлыбай жаңа қызметке тағайындалды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Сәбит Нұрлыбай Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.</h4>

21 Қазан 2020 2020, 11:46
АВТОР
 21 Қазан 2020 2020, 11:46
21 Қазан 2020 2020, 11:46
2382

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Сәбит Нұрлыбай Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ол Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімдерімен Әнуар Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; 

Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Наверх