Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова Италияның "Волалто Казерта" командасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Қазақстандық волейболшы жаңа клубпен екі жылдық келісімшартқа отырған. Алдағы маусымда "Волалто Казерта" Италияның ең жоғарғы әйелдер лигасы – А1 сериясында бақ сынайды. Былтыр клуб соңғы 14-орын алғанына қарамастан коронавирус кесірінен чемпионаттың ерте тоқтауына байланысты жоғары лигадағы орнын сақтап қалды.
Айта кетейік, 23 жастағы волейболшы өткен маусымда "Әл-Васл" командасының сапына желтоқсан айында қосылып, жарты жылға жуық уақыт ойнады.
Одан бөлек 2015 жылы Жапонияның екінші лигасында бақ сынайтын "CSS Sunbeam" командасының сапында ойнады. Ал Қазақстанда "Алматы" клубында өнер көрсеткен.