Сабақты онлайн өткізуге интернет неліктен дайын болмады?

4 Сәуір 2020, 14:13
1700
Бөлісу:
Сабақты онлайн өткізуге интернет неліктен дайын болмады?

Алматы, BAQ.KZ. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев брифинг барысында осындай сұраққа жауап берді.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда интернет желісіндегі жүктеме екі есе артқан.

Қазір байланыс операторлары мен IT компаниялар бұл жүктемені кеңейту бойынша жұмыс істеп жатыр. Байланыс операторлары жүктеме бойынша жұмыстан бөлек қазақстандық ресурстарды тегін беру бойынша да жұмыс атқаруда. Мұның бәрі опараторлар үшін шығын, дегенмен ТЖ аясында олар бұған барып отыр, - деді ол. 

Сондай-ақ, ол байланыстың сапасына тоқталып, мұндай мәселемен бүкіл әлем бетпе-бет келіп отырғанын жеткізді.

Қазір әлемге әйгілі netflix сияқты жүйенің өзі әлі де жетілдіру қажеттігін көрсетіп отыр. Өйткені қазір трафик күрт өсті, адамдардың барлығы үйінде отыр, сондықтан интернетке жиі кіруде. Сонымен қатар Zoom сияқты онлайн конференция өткізуге арналған жүйелер де тиімсіз болып шықты. Мәселен, кеше ғана АҚШ-та аталған жүйені оқуға пайдалану бойынша тиісті тест жасалды. Бұл тест сәтті болмады. Мұндай тест 1 сәуір күні елімізде де жасалды.  Адам көп кіргендіктен бұл жүйе қажетті деңгейде қызмет көрсете алмады. Сондықтан біз ҚР Білім және ғылым министрлігімен сабақты қашықтан оқыту түрін қолдану қажеттігіне тоқталдық, - деді министр. 
Оның айтуынша, қазір адамның желіге көп кіруінен Instagram, facebook-тің де жұмысы баяулап, үлкен жүктемені сезініп отыр. 

Сондықтан министр халықты мұндай жағдайға түсініушілікпен қарауға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы