Алматы, BAQ.KZ. Кеше есептік кездесуде айтылған шағым бойынша жағдаймен танысу үшін әрі дауға қатысты барлық тараптарды тыңдау үшін №3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін Орталыққа бардым, деп жазды қала әкімі instagram-ғы парақшасына.
Әкім бұл орталықта қарт адамдарға, оның ішінде мүгедектерге қызмет көрсетілетінін жазды.
Медициналық қызмет көрсетудің сапасына және қызметкерлердің жұмысына қатысты айтылған шағымға әділ баға беру және тиісті шараларды қолдану үшін комиссия жұмыс жасайтын болады. Өзге шағым бойынша балалардың қалалық инфекциялық ауруханасында болдым. Мұнда жыл сайын қала мен Алматы облысының 300-ге жуық кішкентай тұрғындары әкелінеді, олардың 80-ге жуығын стационарлық ем алу үшін ауруханада қалдырады, - деп жазды Сағынтаев.
Сондай-ақ, ол осыдан 40 жыл бұрын 360 төсекке есептеліп салынған қаладағы жалғыз мамандандырылған аурухананың жүктемесі қазір арта түскенін де мәлімдеді.
Сондықтан оның жанынан 70 орынды қосалқы нысан немесе заманауи 500 орынды балалардың инфекциялық ауруханасын салу мәселесін қарастырудамыз. Аға ұрпақ өкілдері мен балалар қамқорлық пен жіті назарды талап етеді, - деп жазды ол.