Алматы, BAQ.KZ. Қауіпті індеттің ушыға түсуіне байланысты Үкімет эпиджағдайды тұрақтандыру бойынша жаңа шараларды қолға алды. Осы орайда Алматыда да карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданды, деп жазды Сағынтаев facebook-гі парақшасына.
Қала әкімі сенбі-жексенбі, яғни 20-21 маусым күндері ірі сауда және қызмет көрсету нысандарының, қоғамдық көліктің қызметі тоқтатылатынын мәлімдеді.Бұған қоса саябақтар, скверлер мен жаяу жүргіншілер аймағы, өзендер мен су қоймаларының жағалаулары, тау шаңғысы курорттары және басқа да қоғамдық орындар жабылады. Осыған байланысты қала тұрғындарын бұл жұмыстарға түсіністікпен қарауға шақырамын. Карантин шараларын босаңсыту – COVID-19-дың өршуіне әкеп соқты. Қала тұрғындарынан көшеде жүруін шектетуін сұраймыз. Әсіресе, қарт адамдардың үйде отырғаны абзал. Қаупі дендеп бара жатқан мына ауруды тұншықтыру өзімізге байланысты екенін естен шығармайық. Барлық туындаған сұрақтар бойынша 1308 нөміріндегі call-орталыққа хабарласуға болады, - деп жазды қала әкімі.