Сақшылар қосымша қорғаныс костюмдерін алды

25 Сәуір 2020, 01:24
1515
Бөлісу:
Сақшылар қосымша қорғаныс костюмдерін алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Індет жұқтыру қаупі жоғары орындардағы Солтүстік Қазақстан облысы сақшылары қосымша қорғаныс костюмдерін алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер облыстық ҚАЖ департаментінен, әйелдер колониясында тігілген обаға қарсы 350 костюм алды. Комбинезон, бетперде және қолғаптан тұратын жиынтық коронавирус жұқтырудан қорғануға арналған. Алғашқы кезекте, костюмдер ТЖ кезеңінде Петропавл блок-бекеттерінде “қорғаныстың алғы шебінде” қызмет атқарып жүрген қызметкерлерге берілді.

СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының жас қызметкері Асан Қазесов карантиннің алғашқы күнінен блок-бекетке жұмылдырылған. Күн сайын оның ауысымы 12 сағатқа созылады. Ол арнайы костюмның артықшылығын бірден бағалады.
Еркін қозғалуға болады, теріге және киімге инфекцияның түсуінен мықты сақтайды. Біздің жеке басымыздың қорғалуы ғана емес, үйімізге вирусты әкелмеуіміз маңызды, – дейді А.Қазесов.
СҚО ПД басшысы Марат Төлебаевтың өкімі бойынша, обаға қарсы костюм жиынтықтары жұқтыру барынша жоғары қызметкерлер арасында бөлінеді. Облыстағы 44 блок-бекетте қызмет атқарып жүрген 250-ден астам полиция қызметкерін жабдықтау жуық арада аяқталады. Петропавлда бүгінгі күні провизорлық орталықты күзететіндер, қылмыс жасау орындарына шығатын жедел тергеу топтары мен криминалист-полицейлер арнайы костюмдер алды. Тергеу бөліністерінің қызметкерлеріне тергеу изоляторында жұмыс істеу үшін арнайы костюмдер бөлінді.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаевпен мақұлданған қорғаныс жиынтықтарының бірыңғай дизайны ойластырылған және ыңғайлығымен ерекшеленеді. Полицейлердің денсаулығын қорғау мәселесі ерекше бақылауда тұр. Қорғаныс шараларын жүргізумен қатар диагностика жасау жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күні 400 адам тексерілді. Бұл облыстық полиция жеке құрамының 16%-ы. Жұқтырудың бірде бір фактісі тіркелмеді, – дейді Марат Төлебаев.


Өзгелердің жаңалығы