Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО полицейлері "Пәтер" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуге криминалдық полиция бөліністерінен бөлек басқа да бөліністердің қызметкерлері тартылды, барлық бағыттар бойынша пәтер ұрлығын ашу және жолын кесу бойынша жұмыс күшейтілді.Полицейлер бұрын осындай қылмыстарды жасаған тұлғаларды басты назарға алды. Мәселен, 20 маусым күні Қызылжар аудандық сотының қаулысымен Бескөл аудан орталығының 1992 жылғы тұрғынына іздеу жарияланған, ол ақпан айында кісі тұрмайтын жер үйге түсіп ұрлық жасаған. Тоңазытқыш, теледидар, пештің оттығын олжалаған. Сотпен 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Сотталған көрсеткен сенімді бағаламай, салынған шектеулерді бұзған, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасап, кейін аудан орталығынан кетіп қалған. Жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде ол Петропавл қ. Жұмысшы кентінен табылды. Сотталған ұсталып, уақытша қамауда ұстау изоляторына қамауға алынды. Қалған мерзімін бас бостандығын айыру орындарында өтейтін болады.
Сондай-ақ ЖПІШ барысында бұрын жасалған қылмыстарды ашу бойынша жұмыс күшейтіліп, ұрланған мүлікті өткізу және сақтау орындары бойынша рейдтер жүргізілді. Дәлелдерді іздеу үшін үш күн бойы базарлар мен ломбардтарды қоса, 200 астам түрлі сауда орындары тексерілді. Күшейтілген жұмыс нәтижесінде бұрын жасалған 12 пәтер ұрлығы, оның ішінде өткен жылдарда жасалған алты ұрлық ашылды, - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марат Жұмалиев.Барлығы операция аясында 22 пәтер ұрлығы ашылды, осы қылмыстарды жасағаны үшін 20 солтүстікқазақстандық ұсталды, оның тоғызы бұрын сотты болғандар.