Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО-да сегіз жасар бала суға кетті, деп хабарлайды 24.kz
Солтүстік Қазақстан облысында сегіз жасар жеткіншек суға кетіп, көз жұмды. Ұл бала Майбалық көлінде достарымен бірге шомылған. Көл жағасында суға түсуге рұқсат етілмесе де, бұл балаларды тоқтата қоймады. Баланың денесі бірнеше сағаттан соң табылды.Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері бес адам суға батып кетті. Ал соңғы жеті жыл ішінде 180 адам өзен-көлдерге батып кеткен. Олардың 24-і - бала.
Биылғы шомылу маусымында суға батып кете жаздаған 11 адамды құтқардық. Ал өткен жылы төрт ересек адам аман қалды. Өкінішке қарай, өзен-көлдердегі қайғылы жағдайлар көбейіп барады. Тынығушы қауым көбіне қауіпсіздік ережелерін сақтамайды, - дейді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Игорь Жуков.