СҚО-да Qyzyljar арнайы экономикалық аймағы құрылды

8 Қазан 2019, 12:09
2206
Бөлісу:
СҚО-да Qyzyljar арнайы экономикалық аймағы құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жайында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Құрметтi достар, сiздермен жағымды жаңалықпен бөлiсейiн. Бүгiн ҚР Үкiметiнiң қаулысымен «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бұл Солтүстiк Қазақстан облысы үшiн ерекше күн. АЭА аясында заманауи және экспортқа бағытталған өндiрiстер пайда болып, 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Алғашқы кезеңде 160 млрд. тг. инвестиция тартылмақ. Аймақ 25 жыл жұмыс iстейдi, осы уақытта 1,5 триллион теңгенiң өнiмi шығарылмақ», - деп жазды Құмар Ақсақалов.

Бұл Ресей және Қазақстанмен шекаралас аймақтарда құрылған алғашқы экономикалық аймақ. Оған тағам, құрылыс материалдары, жиһаз, электроника және машина жасау саласында өнiмдi шығару және өңдеу кiредi. Бизнеске салық жеңiлдiктерi берiледi, мемлекет барлық инфрақұрылымды жеткiзедi.

«Бiз шетелдiк, ресейлiк және қазақстандық инвесторлар қызығушылық танытады деп санаймыз. Аймақтың құрылуы СҚО-ның дамуына тың серпiн бермек», - дедi Құмар Ақсақалов.

Өзгелердің жаңалығы