Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының дәрігерлері Президенттің мемлекеттік марапатына ие болды.
Қазiргi уақытта коронавирус пандемиясына қарсы күрес елдегi медицина қызметкерлерiнiң басты мiндетiне айналды.
Солтүстікқазақстандық дәрiгерлер, медбикелер, санитарлар, фельдшерлер және жедел жәрдем жүргiзушiлерi алдыңғы шепте жұмыс iстеп жатыр.
Адам жанына араша болған бірнеше медицина қызметкерлеріне СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Президенттiң атынан мемлекеттiк наградаларды табыс еттi.
Сiздердiң қажырлы еңбек етiп жатқандарыңызға, мiне, төрт айдан асты. Жақындарыңызды көрмей, тынымсыз еңбек етiп жатырсыздар. Сiздер бiздiң өмiрiмiздi сақтап қалу жолында еселi еңбек етiп жатсыздар. Барлық ел назары сiздерде, - дедi Құмар Ақсақалов.