Съезд мәдениеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың озық үлесін көрсетіп береді – Әшімбаев

6 Қазан 2021, 10:34
2211
Бөлісу:
Съезд мәдениеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың озық үлесін көрсетіп береді – Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының отырысында Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев айтты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының отырысында кездескенімізге қуаныштымыз. Сіздерге және әлемдік, дәстүрлі діндер лидерлеріне конфессияаралық диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлестеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Хатшылық отырысында әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін ұйымдастыруға қатысты мәселелерді пысықтаймыз, - деді Мәулен Әшімбаев форумның ашылуында.

Оның сөзінше, бұл форум қазіргі замандағы өзекті мәселелерді талқылайтын аса маңызды халықаралық алаңға айнылды.

Съез келешекті нығайтудың, мәдениеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың озық үлесін көрсетіп береді. Сондай-ақ дінаралық толеранттылықты арттыруға үлкен септігін тигізіп келеді. Сьез алғаш рет 2013 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен шақырылғаны белгілі. Форум жұмысының табысты болуына Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев баса мән беріп келеді. Алғашқы кездесуден бастап бұл алаң барлық негізгі конфессия өкілінің басын біріктірді, - деп түсіндірді Сенат төрағасы.

Әшімбаев атап өткендей, форумды жетекші рухани лидерлер мен жоғары деңгейдегі саясаткерлер үнемі қолдап келеді. Алдағы уақытта да Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мүмкіндігі мен әлеуетін тиімді пайдаланудың маңызы зор.

Еске сала кетейік, елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының отырысы өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы