Сәдібек Түгел: Мемлекет тарапынан қажетті шаралар қабылдануда

9 Шілде 2020, 01:23
1958
Бөлісу:
Сәдібек Түгел: Мемлекет тарапынан қажетті шаралар қабылдануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі пандемияға байланысты халыққа жариялаған үндеуіне қатысты Целиноград ауданының құрметті азаматы, Қоғам қайраткері, жазушы-журналист Сәдібек Түгел әлеуметтік желідегі парақшасында өз көзқарасын білдірді.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі пандемияға байланысты халыққа үндеу жариялады. Өз үндеуінде бүгінгі таңдағы жағдай күрделене түскенін індеттің таралуы бәсеңдемей отырғандығын айта келіп, 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізіліп, атқарылып жатқан шараларға кеңінен тоқталып өтті. Жалпы алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең екендігін жеткізе келе халықты карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Өз сөзінде коронавируспен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты. Мемлекет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылдануда. Қабылданған шаралар мен медицина қызметкерлерінің ерлігінің арқасында емделіп шығып жатқан азаматтардың саны едәуір көбейгендігін жеткізді, – дейді Сәдібек Түгел.

Қоғам қайраткерінің айтуынша, қандай қиын кезең болмасын бар күш-жігерімізбен береке-бірлігіміздің арқасында жеңіп шығарымыз анық.
Баршамызға аян елімізде жағдай күрделеніп кеткендігі. Өз Үндеуінде 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Халықтың арасына таралып жатқан әлеуметтік желілердегі кейбір дәлелсіз ақпараттаға бой алдырмауды да қалт қалдырмады. Бұл жөнінен кейбір азаматтар жалған ақпаратқа сенетін болды деп те түйіндей кетті. Және де осындай ақпараттар үшін қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылуы да қарастырылған. Мемлекет басшысы өз үндеуінде маңызды алдағы нақты қадамдармен қабылданатын шараларды атап өтті. Яғни, елді мекендерді қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз ету, арнайы қор жасақталғандығы. Сонымен қатар төсек орындары да, медициналық қызмет көрсету ісі де толығымен қамтамасыз етілетіндігін айтып өтті. Бүгінде 400 әмебап мобильді топ бригадаларының тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету қызметі жасақталғанды шілденің соңына дейін 3,5 мыңға артатындығын да жеткізді. Үндеуде айтылған ең маңызды шаралардың бірі – дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Яғни, ыстық түсіретін дәрілер, 800 мыңға жуық парацетамол, 150 мың антибиотик, сонымен бірге еліміздегі дәріханаларды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететіндігі назардан тыс қалмады. Ақ халатты абзал жандар қолынан келгенше барлық мүмкіндіктерді жасауда. Індеттің таралмауына, ең алдымен, баршамыз белгіленген тәртіпті қатаң сақтап, дүрбелеңге салынбауымыз қажет. Қандай қиың кезең болмасын бар күш-жігерімізбен береке-бірлігіміздің арқасында жеңіп шығарымыз анық. Еліміздегі әр шаңыраққа денсаулық, бақ-береке тілеймін. Сіз бен біз болып бұл індеттің де алдын аламыз, – дейді жазушы-журналист Сәдібек Түгел
.


Өзгелердің жаңалығы