Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баланы қоқыс жәшігіне қалдырған күдіктіні Қостанай полициясы анықтады, деп хабарлады alau.kz.
Шұғыл-іздестіру шараларының нәтижесінде Қостанайдың полиция басқармасы 26 жастағы қала тұрғынын анықтады. Сотқа дейінгі тергеу ісін Қылмыстық кодекстің 100-бабы (Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі) бойынша тіркеді. Сараптама тағайындалып, тергеу жалғасуда, - деп хабарлады баспасөз қызметінде.Бұл бап бойынша төрт жылға дейін еркіндікті шектеу немесе осы мерзімге еркіндіктен айыру жазасы қарастырылған. Жаңа туған сәби 23 қараша күні "Әуежай" ықшамауданындағы қоқыс жәшігінен табылған. Бала ол сәтте клиникалық өлім жағдайында болған.
Қостанайда қоқыс контейнерінен сәби табылғаны туралы осыған дейін жазғанбыз.