Рыстина: Сайлау – саяси үрдістің басы

3 Тамыз 2021, 15:51
1209
Бөлісу:
Рыстина: Сайлау – саяси үрдістің басы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Индира Рыстина ауыл әкімдерінің сайлауы туралы пікір білдірді.

Ауыл әкімдерінің сайлауы - саяси процестердің демократиялануы. Түбегейлі саяси процестің ең бастапқы санатынан бастап, саяси белсенділік арқылы ауыл тұрғындарының өз әкімдерін тікелей сайлауы демократиялық процеске әсер етеді. Олар әр ауыл тұрғыны сайланатын әкімнің сайлауалды бағдарламасымен танысып барып, шешім шығарады. Бұл Қазақстанға саяси белсенділік пен халықтың саяси мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді, - деді ол.
Рыстина айтқандай, сайлау толық республикалық деңгейде болмады.
Бұл сайлауға 730 ауылдық округ қатысқанын ескеру керек. Оған 1,2 млн халық қатысты. Осыған дейін мұндай сайлау өтпеген. Бұл жерде бәсең және белсенді сайлау құқығын қолданған азаматтар көп. Белсенділіктің жоғары болғанын 73 немесе 90 пайыздық қатысудың болғаны дәлелдейді, - деді Индира Рыстина.
Оның айтуынша, сайлау саяси санаға өзгерістер әкеледі.
Азаматтардың сайлауға деген сенімі ұлғаяды. Алғашқы сайлаудың кем тұстары келесілерде ескеріліп, одан да тиімді өтеді. Үміткерлер мен халық белсенді бола түседі. Сондықтан да саяси үрдістің демократиялануына алып келеді, - деді Рыстина.
Оның айтуынша, сайлау жан-жақтан қызығушылық тудырды. 
Алғашқы сайланбалы ауыл әкімдері. Алғашқы рет бәріне қарсымын деп белгілеуге болды. Алғашқы рет ауыл тұрғынының дауысы шешуші болды. Сайлауға қатысудың екі түрлі құқығы бар. Бірі бәсең, бірі белсенді. Бәсең сайлау құқығы - сайлану, үміткер болу. Бұл құқықты еліміздің 730 мандатына қызығушылық танытқан 2582 азамат пайдалануға үміткер болып, додаға 2177 шықты. Бұл санның азаюына орта жолдан кері кеткендер, жалған дипломмен ұсталғандар, жемқорлық үшін сотты болғандардың шығуы әсер етті, - деді ол.
Рыстина белсенді сайлау құқығы – сайлауға келіп дауыс беру екенін айтты.

Бұл құқықты ауыл тұрғындары абыройлы пайдалана алды. Жалпы ел бойынша көрсеткіш 75% жоғары. Жекелеген облыстарда 90%-дың үстіндегі саяси белсенділікті байқай аламыз. Мысалы Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылардың 90,9% азаматтық міндеттерін орындап, әкім сайлауына қатысты. Сайлау нәтижелеріне тоқталатын болсақ, Аймақтық сайлау комиссияларының мәліметі бойынша 730 әкім мандаттарын иеленген үміткерлердің 563-і Nur Otan партиясынан, 32-і Ауыл партиясынан 11-і Ақ жол партиясынан,  15-і Adal партиясынан, 10-ы Қазақстан Халық партиясынан, 1 үміткер ЖСДП партиясынан және 98-і өзін өзі ұсынғандар, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы