Рыбакинаның Монреалдағы матчы жаңбырға байланысты кейінге шегерілді

Монреальда толассыз жауған жаңбырға байланысты қазақстандық Елена Рыбакина мен ресейлік Людмила Самсонова арасындағы WTA 1000 турнирінің екінші жартылай финалы өтпей қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ktf.kz 13 Тамыз 2023 2023, 11:18
13 Тамыз 2023 2023, 11:18
841
Фото: ktf.kz

Монреальда толассыз жауған жаңбырға байланысты қазақстандық Елена Рыбакина мен ресейлік Людмила Самсонова арасындағы WTA 1000 турнирінің екінші жартылай финалы өтпей қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Турнирді ұйымдастырушылар матч жексенбі күні сағат 23:30-да өтетінін айтты.

Бұған дейін кездесу Астана уақытымен 04:00-де басталуы керек еді.

Бұл матчтың жеңімпазы финалда әлемнің 3-ракеткасы, америкалық теннисші Джессика Пегуламен кездеседі.

Ал Джессика Пегула Монреальдағы турнирдің жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швитекті 6:2, 6:7(4), 6:4 ұтқан еді.

Наверх