Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина қатарынан екінші рет WTA 1000 санатындағы жарыстың жартылай финалына шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бір анық нәрсе - ешқандай қысымды сезбеуім. Қиын екенін білемін және бұл көп ойыншылардың қолынан келе бермейді. Оған қоса, өткен матчтардың бірінде жарысты аяқтаудың алдында тұрдым, сондықтан турнирдегі басқа ойындар туралы ойламаймын. Бастысы матчтан матчқа жылжып, назарымды бір ойында ұстау, өйткені қарсыласым мықты болады. Әрине, тағы да сондай жеңіске қол жеткізгім келеді, ол үшін аянып қалмау керек, - деді Елена Рыбакина матчтан кейін берген сұхбатында.
Еске салайық, Елена Рыбакина ширек финалда италиялық Мартина Тревизанды 6:3, 6:0 есебімен жеңген болатын. Ал жартылай финалда Джессика Пегула - Анастасия Потапова матчының жеңімпазымен кездеседі.