Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Руслан Берденовтің қызметін кім атқарады

Әсел ӘБІЛБЕК
24 Сәуір 2025, 15:42
2982
Бөлісу:
 t.me/mazhilis_kz
Фото: t.me/mazhilis_kz

Шымкентте қала әкімінің орынбасарына жасалған шабуылдан кейін оның қызметтік міндеттері уақытша басқа тұлғаға жүктелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов құрылыс, сәулет, жер қатынастары және қала құрылысы салаларына жетекшілік етіп келген. Қазіргі таңда бұл бағыттар әкімнің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловтың бақылауына өтті.

Еске сала кетейік, Қуаныш Асылов 2023 жылдың қаңтарында осы лауазымға тағайындалған. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарған.

Руслан Берденовке жақында қарулы шабуыл жасалып, шенеунікке үш рет оқ атқан. Оқиға салдарынан Берденов жарақат алып, дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, және жасалған ота сәтті өткен.

 

Өзгелердің жаңалығы