Рудныйдағы өрт: 20 саяжай өртенді

6 мамыр күні сағат 13:06-да Рудный қаласынан 7 шақырым жерде, № 2 бақша қоғамының аумағында құрғақ шөп жанып, 20 саяжай өртенген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 Мамыр 2023 2023, 14:13
АВТОР
 тжм 7 Мамыр 2023 2023, 14:13
7 Мамыр 2023 2023, 14:13
910
Фото: тжм

6 мамыр күні сағат 13:06-да Рудный қаласынан 7 шақырым жерде, № 2 бақша қоғамының аумағында құрғақ шөп жанып,  20 саяжай өртенген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен қатар, бақша қоғамынан тыс жерде құрғақ шөп пен қамыс өртенген. 

Өрт сағат 19:23- те  сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, ТЖД эвакуация жүргізген жоқ.

Құрғақ және ыстық ауа райы, қатты жел өрттің тез таралуына ықпал етті. Тар саяжай көшелеріндегі жиналған қоқыстар өрт сөндіру техникасының өрт орнына баруын қиындатқан.

Өртті сөндіруге ТЖД 38 адамы мен 8 техникасы, сондай-ақ құрамында 5 адам және 1 техника бар «ССКӨБ» АҚ МЕӨҚҚ қатысты.

Наверх