Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Руандада найзағайдан 9 адам мерт болды

5 Қаңтар 2026, 19:32
304
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Руандада найзағай соққан тоғыз адам қаза тауып, тағы тоғыз адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Taarifa.rw-ға сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылық жұмыстардан қайтып келе жатқан адамдарды найзағай соққан. Олар нөсер жаңбырдан құтылуға тырысқан.

Оқиға Нгома округіндегі Мурама ауылында болды. Адамдар шағын бақылау бекетіне жасырынбақ болған. Сол жерге найзағай түскен. Қаза тапқандардың арасында алты ер адам және үш әйел бар. Олардың арасында 5 және 8 жастағы екі бала да болған.

Тағы тоғыз адам найзағайдан зардап шеккен. Бірақ, олардың жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында найзағай соққан ер адам аты және итімен бірге мерт болған еді. 

Өзгелердің жаңалығы