Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Руанда мен Конго басшылары Трамптың қатысуымен бейбіт келісімге қол қойды

Бүгiн, 04:27
147
Бөлісу:
 AFP via Getty Images
Фото: AFP via Getty Images

Вашингтонда Конго Демократиялық Республикасы мен Руанда президенттері – Феликс Чисекеди мен Пол Кагаме АҚШ президенті Дональд Трамп қатысуымен аймақтағы көпжылдық қақтығысты тоқтатуға бағытталған бейбіт келісімге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Келісімге екі елдің Сыртқы істер министрлері маусым айында қол қойғанымен, тараптар бір-бірін шарттарды бұзды деп айыптаған.

Кагаме Трампты бейбітшілік процесіне үлес қосқан бейтарап көшбасшы ретінде сипаттап, келісімді жоғары бағалады. Саммит алдында Конго ДРК-ның табиғи ресурстарға бай шығысында Руанда қолдайтын үкіметтік әскерлер мен көтерілісшілер арасындағы жағдай шиеленіскен еді.

Трамп өз сөзінде АҚШ екі елмен жаңа экономикалық және пайдалы қазбаларға қол жеткізу мүмкіндіктерін қарастыратын келісімдер жасайтынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы